Қоғам

Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Алматы Дәурен Рымқұлов әйелі Анастасия және қызы Амилимен бірге
Дәурен Рымқұлов әйелі Анастасия және қызы Амилимен бірге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен ауыр атлет "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алты адамды өрттен құтқарған ауыр атлет Дәурен Рымқұловты марапаттады.

Дәурен Рымқұлов ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін"  медалімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медальді ауыр атлетке Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров табыс етті.

"Адамдарды қорғауды өзінің парызы санайтын нағыз азаматқа тән батылдық пен ерлігіңіз  үшін алғыс айтамыз. Ұзақ жылдар бойы спортпен шұғылдану сізге бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға сеп болды", – деді Әубәкіров.

Ауыр атлеттің ерлігі

14 тамыз күні Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Сағат 21.33-те төтенше жағдай департаментінің "101" пультіне Алмалы ауданы Радостовец көшесі 49 үйдің пәтері өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Үшінші қабаттағы пәтерден өрт шыққанда, Дәурен Рымқұлов үйінде болған. Көршілерінің айғайын естіген ол құжаттарды жинап, қызы мен әйелін қауіпсіз жерге шығарады. Содан кейін төртінші қабатта тұратын 19 жастағы қарындасына көмекке жүгірген. Қыз үйде балалармен отырған.

Дәурен бауыры және достарымен бірге қарындасы мен үйдің тағы бес тұрғынын өрттен құтқарды.

 

Жаңалықтар
0