Қоғам

Әскери полиция бас басқармасының бастығы ауысты

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаФасад здания министерства обороны
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери полиция қызметінің басым бағыттарының бірі –Қазақстан Қарулы күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасының жаңа бастығы Марат Нұрымбетті ұжымға таныстырды.

"Бүгінде қорғаныс ведомствосында басымдықтардың арасында екі бағыт бар: олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндеттер көбінесе әскери полицияға жүктелген", - деп атап өтті қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Өткен жылы әскери полиция бас басқармасының құрылымында екі жаңа басқарма құрылды. Оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды 

Министрдің айтуынша, Қарулы күштердің басқа күштік ведомстволардан айырмашылығы, өзіндік қауіпсіздік қызметі жоқ, бірақ Қарулы күштер басқа мемлекеттік орган сияқты бірқатар бақылаушы және қадағалаушы құрылымдардың жіті назарында. Бұл әскери қызметшілердің тәртіп бұзбауына жоғары талаптар қояды.

Министр 2017 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін әскери полиция бас басқармасының бастығы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан полковник Бауыржан Лекеровке алғысын білдірді.

Марат Нұрымбет туралы не білеміз

Полковник Марат Нұрымбет – Қазақ мемлекеттік заң институтының түлегі.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған, оның ішінде қарсы барлау және жедел-іздестіру шаралары террористік актілерге қарсы іс-қимылды ұйымдастыруда тәжірибесі мол.

Жаңалықтар
0