Өңірлер

Түркістанда бір көзінен айырылған әйелдің жеңгесі оқиғаның қалай болғанын айтты

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannМужчина на фоне окна
Мужчина на фоне окна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысының тұрғыны әйеліне жылдар бойы зорлық-зомбылық жасап келген, алайда осы уақытқа дейін жазаланбаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында асқан қатігездікпен жасалған қылмыстық іске нүкте қойылды. Өз әйелін балталап тастаған 51 жастағы азамат 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Жолдасының қолынан жарымжан болып қалған келіншек "сот әділ үкім шығарды" деп отыр.

Аса ауыр қылмыс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

"Әйелін өлтіру мақсатында бірінші қолына, содан кейін барып басына және денесінің басқа да жеріне балтамен жарақат келтіргені үшін, яғни әйелін өлтіруге оқталғаны үшін сотталды", - деп атап өтті ауданаралық соттың төрағасы Қасым Қалмағамбетов.

Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 27 сәуір күні Келес ауданында болды. Абай ауылының 51 жастағы тұрғыны келіншегін көшеде балтамен ұрған.  

"Жұмысқа бара жатқанымда күйеуім Мұрат Матқұлов мені балталап тастады. Тегі сөзге келмейді, өлтіремін дегеннен басқаны айтпайды. Онымен 15 жыл отасып, көргенім тек зорлық пен зомбылық", - дейді жәбірленуші.

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады

46 жастағы келіншек ауыр соққыдан кейін бір көзінен айырылған. Екінші топтағы мүгедек болып қалды. Ал бұрынғы күйеуі болса жасаған қылмысына өкініш білдіреді. Екі қызын алып кетіп қалған әйелін ол осылайша қорқытпақ болыпты.

"Ажырасып та көрді. Әйтеуір 2 қызы жетім болмасын, осылар әкесіз өспесін деп, жалынып келгеннен кейін, Құран ұстап бізге ант-су ішкеннен кейін жарастырып едік. Осы уақытқа дейін жазаланбады. Неше рет ұрды, басқа қылды. Әйтеуір шығып кете беретін", - дейді жәбірленушінің жеңгесі Жанар Әйтімбетова.

Жәбірленген келіншектің жағдайы қазір де мәз емес. Бұған дейін екі ота жасалған. Алда тағы екеуі бар.
 

Жаңалықтар
0