Әлем

Токио аспанында беймәлім құбылыс байқалды – видео

CC0 / / Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар жұмбақ нысан метеорит болуы мүмкін деп топшылап отыр, осыған ұқсас жағдай Жапонияда жуырда ғана болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Жапонияның Токио қаласы мен Канто ауданының көгінде белгісіз аспан денесінің құлаған сәті видеоға түсіп қалды.  

Аспан денесі 21 тамыз күні сағат 22:30 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30) байқалған. Беймәлім шар аспанда жарқ етіп ұшып, кейін сөнді, деп хабарлайды РИА Новости "Иомиури" газетіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ミルリンダ (@milrinda)

Токио тұрғындары ерекше құбылысты смартфонға түсіріп үлгерген. Бұдан бөлек, белгісіз нысан Токионың бірнеше ауданында, көрші Канагава мен тіпті, алыстағы Яманаси префектурасындағы үйлер мен автокөліктердің бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Ғалымдар нақты не ұшып өткенін әзірге білмейді. Бірақ, олардың топшылауынша, бұл метеориттің құлауымен байланысты болуы мүмкін.

Екінші шілдеде Тиба префектурасында дәл осындай ұшатын нысан көрінген еді. Көп ұзамай сол аумақтан метеориттің бөлшегі табылды.

Жаңалықтар
0