Әлем

Ресей ОСК басшысы Элла Памфилова "Достық" орденімен марапатталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПредседатель Центральной избирательной комиссии (ЦИК) РФ Элла Памфилова
Председатель Центральной избирательной комиссии (ЦИК) РФ Элла Памфилова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Памфилова Қазақстан басшылығына жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уәде берді 

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Марапатты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаев тапсырды.

© Photo : посольство Казахстана в РФРесей ОСК басшысы Элла Памфиловаға "Достық" ордені тапсырылды
Ресей ОСК басшысы Элла Памфилова Достық орденімен марапатталды - Sputnik Қазақстан
Ресей ОСК басшысы Элла Памфиловаға "Достық" ордені тапсырылды

Салтанат шара барысында дипломатиялық миссияның басшысы мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Элла Памфилова "мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін" орденмен марапатталғанын хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Тасмағамбетов "Новая волна" сахнасында Игорь Крутойды құттықтады 

Ал Элла Памфилова Қазақстан басшылығына жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, бауырлас халықтар арасындағы достық диалогты дамытуға және нығайтуға қолдан келгенше атсалысатынын атап өтті, деп хабарлады елшіліктің сайты.

"Достық" ордені – Қазақстан Республикасының жоғары марапаттарының бірі, ол қоғамда өзара келісімді сақтау бойынша жемісті жұмыс атқарғаны және бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еңбек сіңіргені үшін беріледі.

Жаңалықтар
0