Қоғам

Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады

© РФПИ и центра имени Гамалеи / Медиабанкке өтуПервая в мире вакцина от коронавируса
Первая в мире вакцина от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гебрейесус заманауи технологиялар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, пандемия екі жылға жетпей аяқталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін  болжады.  

Ол COVID-19-ға қатысты жағдайды 1918 жылғы "испан тұмауы" эпидемиясымен салыстырды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің жағдайда технологиялар көбірек. Жиі қарым-қатынас жасалған кезде вирус тез таралады, бірақ бізде оны тоқтататын технология бар. Жаһандану және өзара байланыстың көбеюі секілді кемшіліктер де жоқ емес, бірақ технология жағынан артықшылық алып отырмыз. Сондықтан біз бұл пандемия екі жылдан аз уақыт ішінде аяқталады деп үміттенеміз", - деді Гебрейесус.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?   

ДСҰ COVID-19 мутациясын анықтау үшін жұмыс тобын құрды, деп хабарлады ұйымның төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.

Оның айтуынша, вирустың мутациясы ауруға қалай әсер ететінін анықтау үшін көбірек зерттеу жүргізу қажет.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сәйкес, әлемде шамамен 23 миллион адам коронавирус жұқтырды. 799 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0