Спорт

Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді

© Sputnik / Тимур БатыршинОткрытая тренировка на алматинском Арбате
Открытая тренировка на алматинском Арбате - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жек он екі раундқа созылды. Төрешілер жеңісті мексикалық Хуан Карлос Райгосаға берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі.

Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 рет жеңіске жеткен (7 нокаут) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған. Дәурен – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы. 

Елеусінов - Райгоса жекпе-жегі Мехикодағы бокс кеші аясында өтті. 

Оқи отырыңыз: Елеусінов Мексикадағы жекпе-жегі болмайтынын рингке шығар алдында бір-ақ білді 

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) де жұдырықтасады. WBC толыққанды титулын америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) жеңіп алған.  

Жаңалықтар
0