Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
23 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
16.00 – Халықаралық армия ойындарының ашылу салтанаты. Трансляция Қазақстан қорғаныс министрлігінің YouТube каналында жүргізіледі. Қазақстан биыл дәстүр бойынша Подмосковьеде өтетін "Танк биатлонына" ғана қатысады.
25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
15.00 - Инфекциялық медицина қалдықтарын қауіпсіз жинау және зарарсыздандырудың пилоттық орталығы ашылады. Ол БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен қалалық фтизиопульмунология орталығының базасында құрылады. Спикерлер: денсаулық министрі Алексей Цой, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Азия даму банкінің өҚазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, БҰҰ Даму бағдарламасы департаментінің жетекшісі Арман Қашқынбеков (Өтетін орны: Нұр-Сұлтан ласы, А 1 көшесі, 5 блок Б, қалалық фтизиопульмунология орталығы.
15.00 – Мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн сайыс. Жарыс Конституция күніне орайластырылған. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының тоғызқұмалақ федерациясы, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы (Сайыс www.playok.com сайтында өтеді).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.