Экономика

Ұлттық компаниялардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкере болды

© Photo : АО "Қазақстан темір жолы"КТЖ
КТЖ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының лауазымды тұлғасы тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

"Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық жасады деген күдікпен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ облыстық филиал басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - делінген ресми хабарламада. 

Тергеу материалдарына сәйкес, филиал басшысы өзіне қарасты ұйымдардың басшыларынан жалпы құны 1 миллион теңгеден астам 5,5 тонна жанармайды заңсыз алғаны үшін айыпталып отыр.

Сондай-ақ, агенттік қызметкерлері "Қазавтожол" ұлттық компаниясының Батыс Қазақстан облыстық филиал басшылығына қатысты тергеу шаралары басталғанын айтты.

Ресми мәліметке сәйкес, филиал басшылығы аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеуге алынды. Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

"Олар мердігер ұйыммен және басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, 2017-2019 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеуге бөлінген 13 миллион теңгеден астам (13 247 799 теңге) бюджет қаражатын жымқырған", - дейді тергеушілер.

Жаңалықтар
0