Қоғам

Қазақстаннан Ресейге ұшатын рейстерге билет сатып алғанда нені білу керек?

© AFP 2022 / GIL COHEN-MAGENСотрудник аэропорта проводит дезинфекцию салона самолета
Сотрудник аэропорта проводит дезинфекцию салона самолета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Ресей аумағына кіруге шектеу енгізілгеніне қарамастан, кейбір әуе компаниялары Қазақстаннан шығатын рейстерге билет сатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. РФ үкіметі енгізген шектеулер ресми түрде алынып тасталғанға дейін Қазақстан мен Ресей арасында ұшақ қатынамайды.    

Бұл туралы Қазақстан елшілігі РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Жоғарыда аталған шектеулер ресми түрде алынып тасталғанға дейін екі ел арасында жолаушылар ұшағы ұшпайды. Билет сатып алу әуе рейстерінің қайта қалпына келгенін білдірмейді және жолаушыға таңдалған бағыт пен рейс күні бойынша ұшатынына кепілдік бермейді", - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында.

Оқи отырыңыз: Шетелден ұшып келетін адамдарға қандай талаптар қойылады – бас санитар дәрігер түсіндірді

РФ үкіметінің өкіміне сәйкес, қазіргі уақытта Ресейге елде тұруға ыхтиярхаты бар және емделуге жіберілген (035-1/у үлгісіндегі Қазақстанның анықтама қағазы және Ресейдің медициналық мекемесінен емдеу күні көрсетілген шақыру қағазы бар болған жағдайда) қазақстандықтар кіре алады.

Ресейге кіруге рұқсат берілген шетелдік азаматтардың санаттарымен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.

Жаңалықтар
0