Өңірлер

Жаңа оқу жылы: қандай мектеп оқушылары дәстүрлі форматта білім алады

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім күніне орай өтетін салтанатты шараға бірінші және он бірінші сынып оқушылары қатысады. Қонақтар мен оқушылардың ата-аналары медициналық бетпердемен келуі қажет

АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Байқоңырда ресейлік мектеп оқушылары жаңа оқу жылында дәстүрлі форматта білім береді. Қашықтан оқыту тәсілі тек интерактивті білім беру ыңғайлы пәндерде ғана қолданады.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің білім басқармасы мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналарына неге дайын болу керек екенін айтты.

"Оқу жылының басынан бастап барлық оқушы мектепте оқитын болады. Ресейдің білім министрлігі мен Роспотребнадзордың ұсыныстарын қатаң сақтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады", - деп хабарлады басқарма.

Сабақ басталар алдында міндетті түрде термометрия және қолды антисептиктермен өңдеу ұйымдастырылады, оқу кабинеттері ауаны зарарсыздандыру құралдарымен жабдықталады. Әр сабақтан кейін сыныптарда дезинфекция жүргізіледі.

Асхана қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Коронавирус инфекциясының алдын алудың қосымша шарасы ретінде Байқоңыр қаласындағы Ресей мектептерінде арнайы кесте әзірленіп жатыр. Ол үзілісте, сабаққа дейін және одан кейін, сондай-ақ тамақтану кезінде басқа сынып оқушыларымен қарым-қатынасты азайтуға мүмкіндік бермек. Әр сыныпқа жеке кабинет бекітіледі.

"Бұдан басқа, өткен оқу жылының төртінші тоқсанының тәжірибесін ескере отырып, мектептер білім беру бағдарламасының белгілі бір бөлігін қашықтан жүзеге асыруды жалғастырады", - деп хабарлады қалалық білім беру басқармасы.

Байқонырдағы ресейлік мектептерде білім күніне арналған салтанатты жиын да өткізіледі.

"Бірінші қыркүйекте қала мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтеді. Қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиында алғашқы қоңырау 1-ші және 11- сынып оқушылары үшін соғылады", - деді қала әкімшілігінде.

Іс-шара кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақталады. Ата-аналар мен қонақтар маска режимін сақтайды. Сонымен қатар мектеп аумағына кіреберісте "санитарлық бекеттер" болады, олар келушілерде медициналық бетперденің бар-жоғын тексеріп, дене қызуын тексереді.

Байқоңырда 12 мектеп бар. Оның бесеуі – Қазақстанның білім беру стандарты бойынша оқыса, қалған жеті мектеп Ресей жүйесі бойынша оқиды. Ресейлік білім беру стандарттары бойынша оқытатын мектептердегі оқушылардың 36,5% -і – Қазақстан азаматтары.

Айта кетсек, қазақстандық мектептерде оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды.

Жаңалықтар
0