АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Жуырда әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіде сырға салу, ұзату той мен үйлену тойынан фотолар пайда болды. Алматы қаласының полиция департаменті елдегі эпидемиологиялық жағдайда той өткізген жұлдызды отбасыға қызығушылық танытты.
Instagram парақшасында Фариза Төреәлі өзінің тойында түсірілген фотолар мен видеоларды жариялаған болатын. Ол жерде тойдың жиырма шақты адамның қатысуымен өткенін және ешкімнің медициналық бетперде тақпағанын байқауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда, той бастапқыда үй ішінде жақындары мен туыстарының арасында басталып, кейінірек Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жалғасқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші Мақпал Жүнісова да осы тойдан видео жүктеді. Ол ұзату тойдың үйде өткенін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, әнші Төреғали Төреәлінің шаңырағындағы қуаныш тек тыңдармандары мен жанкүйерлерінің ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де қызығушылығын тудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге бақылау жүргізу барысында күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде той өткізгендердің видеосын анықтаған. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлері салтанатты шараны ұйымдастырушылардың анықталғанын хабарлады.
Барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық инспекторларына жолданды.