Қоғам

Қырғызстан Қазақстан азаматтары үшін шекарасын ашты

© Sputnik / Табылды КадырбековСотрудник КПП кыргызско-казахской границы проверяет документы у граждан, архивное фото
Сотрудник КПП кыргызско-казахской границы проверяет документы у граждан, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан шекарасын ашқан елдерде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқаны айтылды

АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Қырғызстан 31 елдің азаматтары үшін шекарасын ашты, ішінде Қазақстан да бар. Тізімді коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб жариялады.

Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түрікменстан, Бельгия,Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва ,Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, БАӘ,ҚХР, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт, Жапония кірді.

Аталған мемлекеттерде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқаны айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұған дейін көрші ел шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кейбір санатына елге кіру шарттарын жеңілдетті. Енді Қырғызстанға шет мемлекеттердің азаматтары және Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын азаматтығы жоқ адамдар (оқу орнынан анықтама ұсынған жағдайда) кіре алады.

 

Жаңалықтар
0