Өңірлер

Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрлық жасады деген күдікті 325 мың теңгені банк қосымшасы арқылы жеке картасына аударғаны үшін ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Ақтөбе полицейлері қала тұрғынын Kaspi қосымшасы арқылы 325 мың теңгені ұрлағаны үшін ұстады.

18 тамызда ақтөбелік азамат №4 қалалық полиция бөліміне ұялы телефоны ұрланғанын хабарлаған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің үйінде қонақта болып, оның ұялы телефонын ұрлап алып, Kaspi қосымшасы арқылы 325 000 теңге ақшаны өз картасына аударған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды 

Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері 190 (Алаяқтық) және 188 (Ұрлық) баптары бойынша бұрын жасалған 17 қылмысты ашты.

Сонымен қатар, Anti-Fraud жедел профилактикалық шарасының қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысында ақпараттандыру және байланыс саласындағы 12 құқық бұзушылық анықталды.

Жаңалықтар
0