НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстік-батысында асфальт опырылып, бірнеше секундтың ішінде 21 көлік жер астына түсіп кетті, деп хабарлады елдің мемлекеттік ақпарат құралдары.
Twenty-one #cars fall into #sinkhole as road collapses in Southwest #China pic.twitter.com/uLhJa4MjsW
— Press TV (@PressTV) August 20, 2020
Сәрсенбіге қараған түні болған оқыс оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Роликтен сауда орталығының жанына тұраққа қойылған көліктердің үлкен шұңқырға құлап кеткен сәтін көруге болады.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты
Айта кетейік, Янцзы өзені ағып өтетін Сычуань провинциясында нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны маусымы басталды.