Қоғам

Жетім балалар қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қызметкер ұсталды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуЖенщина на скамье подсудимых, архивное фото
Женщина на скамье подсудимых, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер күдіктінің кінәсі анықталса, оған 8,3 миллион теңге айыппұл салынады немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Тараз қаласында полиция балалар үйінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істейтін 30 жастағы тұрғынды ұстады. Ол тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Әйел бірнеше жыл жұмыс істеген Алматы облыстық жетім балалар интернатының есепшотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Оны ұстау үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер ұсталған әйелді Алматыға жеткізді. Қылмыстық кодекстің 189-бабының үшінші бөлігі "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған бап бойынша қылмыс жасаушыға үш мың АЕК-ке дейін (8,3 миллион теңге) айыппұл салынады не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Бұған дейін жетім балалар шоттағы қаражаттың жоғалғанын өздері анықтағаны хабарланды, бұл тоғызыншы тамызды болды. Олар банк қосымшасы арқылы шоттарында ақшаның жетпей тұрғанын байқап, бұл жайында балалар үйінің басшысына айтқан.

Нақты қанша қаражат жымқырылғаны әзірге белгісіз. Алайда қолды болған қаражат балалардың жәрдемақысы мен алимент екені айтылды.

Бұған дейін Алматы облысындағы №1 балалар үйінің директоры Гүлмира Кондыбаева әлеуметтік педагогтың мекеме басшысының атынан сенімхаты бар екенін, оның шотты ашуға, қарауға мүмкіндігі бар екенін, алайда шоттан қаражат шеше алмайтынын айтты.

Жаңалықтар
0