Концлагерьде қаза тапқан екі мың қазақстандық жайлы мәлімет табылды

© AP Photo/Vadim Ghirda, FileТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абхазия курсанттары қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде көз жұмған екі мың қазақстандық жауынгер туралы мәлімет тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі "Возвращение имени" халықаралық жобасы аясында "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жауынгердің туыстарын іздеу акциясын бастайды.

"Славута" әскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дәрігерлер мен басқа да адамдар нацистерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың есімін тізімге жазып отырған. Лагерь босатылған жылы (1944) тізімде 20 мың жауынгердің аты-жөні мен туыстары тұратын қалалар болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОО «Atamnyn amanaty» (@ata.amanaty)

Осы жылдың басында Григорий Скворцов бастаған "Возвращение имени" халықаралық жобасының командасы концлагерьдің 20 мың тұтқыны туралы мәліметтер тапты, деп хабарлайды Atamnyn Amanaty бірлестігінің баспасөз қызметі.

Абхазияның әскери курсанттары із-түссіз жоғалған жауынгерлердің тізімімен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жатыр. Олар қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жайлы мәлімет тапты.

150 қазақстандық жауынгер туралы мағлұмат "Atamnyn Amanaty" бірлестігіне берілді. Мұрағаттан табылған құжаттарды реттестірген соң, "Возвращение имени" жобасының авторы қалған 1 850 тұтқын туралы мәлімет ұсынады.

"Біз "Возвращение имени" жобасы аясындағы жұмыс барысында барлық отандасымыздың туысын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары "Славута" концлагеріне тұтқынға түскен жауынгерлердің есімдері мәңгі есте сақталады. Біз облыстардың жергілікті атқарушы органдарын қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын іздеуге жәрдемдесуге шақырамыз", - деді Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Акция барысында жиналған материалдар www.pamyat-naroda.ru сайтының базасына енгізіледі.

"Славута" лагерінің тарихы белгілі, бұл тізімнің өзі де қанмен келді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары, мешіттер мен шіркеулер, сондай-ақ Қазақстанның әскери комиссариаттары қаза болғандардың жақындарын іздеуге қол ұшын созғанын қалаймыз", - деді "Возвращение имени" халықаралық жобасының жетекшісі Григорий Скворцов.

Бұған дейін "Возвращение имени" жобасының қатысушылары Бішкек студенттерімен бірге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға арналған тізімдерді жасау және талдау бойынша жұмыс жүргізген болатын.

Туыстары майданда хабар-ошарсыз кеткен азаматтар Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне хабарласа алады: +7 776 828 45 35, +7 776 828 45 34.

Жаңалықтар
0