НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Алматыда Шымкенттегі атысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды.
"Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді қамауға алуға санкция берді", - деді полиция департаменті.
Бұған дейін полиция күдіктілер ұсталғанын айтты, алайда қанша адам екенін хабарламаған еді.
Олар Алматы қаласында ұсталған. Кінәсін мойындап отыр.
Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов атыс ұйымдастырғандар дос болғанын мәлімдеді.
Мейрамханадағы атыс
10 тамыз күні Шымкент қаласында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болды. Екі адам жарақат алды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді.
"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 287-бабы ("атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.