Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қолжетімді баспанаға үміткер адамдардың тізімі кеңейді

© Photo : сайт акимата Нур-Султана Аким столицы Алтай Кульгинов посетил строящийся многоэтажный жилой комплекс, предназначенный для работающей молодежи
 Аким столицы Алтай Кульгинов посетил строящийся многоэтажный жилой комплекс, предназначенный для работающей молодежи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі мен "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-ның бірлескен жобасы кеңейтіліп, қолжетімді баспанаға үміткерлердің саны артады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан ипотекалық компаниясымен" бірлесе іске асырылып жатқан жоба арқылы әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі", - деп жазды Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды 

Оның сөзіне қарағанда, жаңа бастаманы іске асыру мәселелері компания басшылығымен келісілді.  

"Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындықты бастадық. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты", - деп түйіндеді Көлгінов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан әкімдігі мен "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ арасындағы келісімге сәйкес, қолжетімді баспана сатып алу құқығымен жалға беріледі. Мерзімі – 20 жыл. Бастапқы жарнаның қажеті жоқ. Ал бір шаршы метрді жалға алу құны – 1 455 теңге. Бағдарлама шарттары мен оған тапсырылатын құжаттардың тізімін мына жерден көруге болады.

Жаңалықтар
0