Мәдениет

Koktebel Jazz Party-2020 фестивалінде кімдер өнер көрсетеді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуФестиваль Koktebel Jazz Party, архивное фото
Фестиваль Koktebel Jazz Party, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырым жағалауындағы Коктебель қаласы алдағы үш күн бойы джаз өнерінің көрігін қыздырады. Sputnik материалынан биылғы маусымда кімдер өнер көрсететінін оқып, біліңіз

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қырым жазындағы басты музыкалық кеш – Koktebel Jazz Party халықаралық джаз фестивалінің басталуына бір тәулік қалды. 21-23 тамыз аралығында фестиваль көрермендері түбектің ең әдемі жерінің бірі – Коктебельдің шеберлер ауылында орыс және халықаралық джаз өнерінің үздік үлгілерін тамашалайды.

Теңіз бен джаздың мерекелік атмосферасы Симферопольге келгеннен кейін бірден сезіледі: Қырым әуежайында фестиваль қатысушылары мен қонақтарына – Лариса Долина мен Игорь Скляр және Сергей Мазаев сынды жұлдыздардың Koktebel Jazz Party-ге шақырған аудиороликтері естіледі.

Фестиваль – 2020 ұйымдастырушылары қуаттылығы мың киловатт, ал салмағы жиырма тонна болатын дыбыстық және жарық-шам жабдықтарын орнатты. Мұның бәрі де ашық аспан астында джаз фестивалі аясында айрықша атмосфера құруға ықпал етеді. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін KJP веб-сайтында барлық алаңқайлар мен ол жерлердегі негізгі қызметтердің картасы көрсетілді.

Биыл Koktebel Jazz Party-дың негізгі сахнасы – Волошин сахнасы болады және оған кіру дәстүр бойынша тегін. Негізгі сахнадағы концерттер 19.00-де басталып, түн ортасында аяқталады. Ал Волошин сахнасының бағдарламалары сағат 15.00-де басталады. Әртістердің өнерін тамашалауға билетті фестиваль сайтынан, сондай-ақ оның өтетін жеріндегі кассадан сатып алуға болады.

Фестивальде кім өнер көрсетеді

Бірінші күні басты сахнада Петр Востоковтың басқаруымен Үлкен джаз оркестрі, Бразилияның Esh джаз ансамблі, ресейлік Manka Groove тобы және Лариса Долина мен Хибла Герзмавидің қатысуымен Яков Окунның жұлдызды ансамблі өнер көрсетеді.

Сенбі күнгі бағдарламаға Анастасия Лютова мен "Лютый бенд" тобы, Wild Brass тобы, саксофонист, KJP фестивалінің арт-директоры Сергей Головня және Jazz Classic Community тобымен бірге Ресейдің халық әртісі Игорь Скляр қатысады. Ал сенбі күнгі кеш "Моральный кодекс" рок-тобының өнерімен аяқталады.

Фестивальдің соңғы күнінде Даниил Крамердің триосы, CHETMEN ұжымы, солист Карина Кожевникованың қатысуымен Сергей Головня басшылық еткен "SG BIG BAND" басты қойылымда өз топтамаларын ұсынады. Үшінші күннің бағдарламасында сонымен қатар Bril Family – орыс джазының патриархы Игорь Брил мен оның балалары, саксофонист – Александр мен Дмитрий, сонымен қатар джаз әншісі Мариам Мерабова өнер көрсетеді.

Koktebel Jazz Party-2020 фестиваліне шетелдік әртістер де қатысады – дәстүр бойынша олардың есімдері 21 тамыз күні жария етіледі. Джаз шекараларға қарамай, тіпті карантиндік шектеулер кезінде де бірге екендігін растау үшін әлемдік джаз жұлдыздары телекөпір форматында өтетін "Жарық жылдамдығындағы джаз" бағдарламасына қатысады.

Фестивальдің толық бағдарламасы Koktebel Jazz Party сайтында жарияланған.

Фестивальге қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында фестивальдің ұйымдастыру комитеті Роспотребнадзордың коронавирусқа қатысты барлық санитарлық талаптарын сақтайды.

2020 жылы сәуірде Koktebel Jazz Party фестивалі "Россия сегодня" ХАА мен "Қызыл алаң" медиа тобы бірлесіп, коронавирустық пандемиямен күресу кезінде ресейлік дәрігерлер мен ауруханаларға қолдау көрсету үшін Doctor Jazz Party онлайн-марафонын ұйымдастырды.

Марафон халықаралық джаз күнінде, 30 сәуірде Рунет желісінде, ria.ru сайтында және РИА Новостидің ВКонтакте желісіндегі аккаунтында басталды. Doctor Jazz Party онлайн-марафоны Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Жапония сияқты тоғыз елдің джаз музыкасының жұлдыздарын бір арнаға тоғыстырды. Марафон жеті сағатқа созылып, екі миллионға жуық адам оның қатысушыларының өнерін тамашалады.

Koktebel Jazz Party фестивалі туралы

Ол 2003 жылы Koktebel джазының негізін қалаушы – журналист Дмитрий Киселевтің жеке бастамасы ретінде пайда болды. Қырымның кішкентай ғана ауылы фестивальге өз атын беріп, ол бүгінде әлемдік джаз фестивальдерінің тізімінде танымал орын алды. Дәстүр бойынша жұлдызды қатысушылардың есімдерін ұйымдастырушылар құпия сақтайды.

Бірнеше жыл бойы фестивальге аты аңызға айналған барабаншы Джимми Кобб (АҚШ), латын джазының ең үздік альбомы үшін "Грэмми" сыйлығының иегері атанған Гонсало Рубакальба (Куба), өзінің жаңашыл ойнау техникасымен танымал болған америкалық бас-гитара және контрабаст гитарашы Стэнли Кларк, Club Des Belugas ню-джаз клубының жұлдыздары (Германия), бірегей саксофонист Роберт Антиполовский (Израиль), Гейдельбергтің De-Phazz неміс тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин KJP-2017 қонағы болды.

Оқи отырыңыз: Doctor Jazz Party қайырымдылық онлайн-марафоны – трансляция

Koktebel Jazz Party – бұл әлемдік деңгейдегі джаз ғана емес. Бұл теңіз бен музыканың, адам жаны мен тәнінің бірсәттік үйлесімін тудыратын нағыз еркіндік. Фестивальді "Россия сегодня" ХАА өткізеді, ал ұйымдастырумен "Қызыл квадрат" медиа-тобы айналысады.

Sputnik радиосы – Koktebel Jazz Party-дің медиа серіктесі болып табылады.

Жаңалықтар
0