Қоғам

Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр - Рымбаева келіні туралы не ойлайтынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинКазахстанская певица Роза Рымбаева
Казахстанская певица Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 тамызда Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өтті. Роза Рымбаева екі жастың тойы карантин аяқталғасын өтетінін жеткізді

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр. Әншінің таңдауы "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

19 тамызда Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өтті. Sputnik Қазақстан тілшісі әнші Роза Рымбаеваға хабарласып, екі жастың тойын қашан өткізуді жоспарлап отырғанын сұрады.

"Тойды 100% карантин аяқталғаннан кейін өткіземіз. Барлық халық карантиннен шығып, жағдай тынышталғаннан кейін, барлық мекеме жұмыс істеп, бүкіл ауру кеткеннен кейін өтеді", - деді Рымбаева.

Халық әртісі індеттің таралуы аяқталуына қанша уақыт кететініне қарамайтынын жеткізді.

"Халықтың біреуі жұқтырып алса, ауру қайтадан өршиді. Сондықтан бұл өте қауіпті", - дейді ол.

Роза Рымбаева Атыраудан келін түсіріп, шеркеш руымен құда болып отыр. Сонымен қатар халық әртісі болашақ келінінің мамандығына мән бермегенін айтты.

"Келінімнің мамандығы мен үшін маңызды болған жоқ. Өнер саласы болсын, басқа сала болса да, ең маңыздысы ол емес. Жастар өздері таңдайды. Өздері кездесті, өздері отау құрамыз деп шешті, екеуі бірге жүр. Ешқашан мамандығын ойлаған емеспін", - дейді Рымбаева.

Айтуынша, Әлидің таңдауы Ақерке Бүркітбайға түскенін халық әртісі 2019 жылдың аяғында білген.

"Бұған дейін қарым-қатынасын жасырын ұстағандарын дұрыс деп санаймын, себебі алдын ала жариялауды дұрыс деп есептемеймін. Бірақ оны әркім өзі шешеді. Әлидің таңдауы кімге түскенін кейінгі кезде, 2019 жылдың аяғында білдім", - дейді Роза Рымбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝘈𝘬𝘦𝘳𝘬𝘦 𝘉𝘶𝘳𝘬𝘪𝘵𝘣𝘢𝘺 (@akerkeburkitbay)

Айта кетейік, Әли Оқапов – композитор Тасқын Оқапов пен әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы. Ол 1991 жылы Алматыда дүниеге келген. Ал әншіден бір жас кіші Ақерке Бүркітбай – қыздардан құралған "Асыл" тобының солисі, топта қобыз тартады.

Жаңалықтар
0