НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 1081 жағдайы тіркелді, 11 адам көз жұмды.
Бірінші тамыздан бері 19 754 адам пневмонияға шалдықты, барлығы 231 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, тәулік ішінде тағы 15 науқас коронавирустан көз жұмды. 271 адам вирус жұқтырған, оның 148-і – симптомсыз пациенттер.
Осы жылдың 13 наурызынан 19 тамызына дейін 103 571 адам індетке шалдықты, 1446 науқас қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазіргі уақытта 15 839 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 71 бала бар.
Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда. 366 науқастың хәлі нашар, соның ішінде 90 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 59 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.