Қоғам

Министрлік бетпердеге қатысты ұсыныс жайлы: айыппұлды азайту талқыланып жатқан жоқ

© REUTERS / ADNAN ABIDIРебенок в защитной маске и перчатках опирается на чемодан в ожидании рейса
Ребенок в защитной маске и перчатках опирается на чемодан в ожидании рейса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бүгін кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов  бетпердені тақпағаны үшін айыппұлдың көлемін 30 есеге азайту бастамасының қаралып жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік органдар бетперде тақпайтындарға салынатын айыппұл мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ. Мұндай ақпаратты Әділет министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ", - делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Айта кетейік, бүгін кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бетпердені тақпағаны үшін айыппұлдың көлемін 30 есеге азайту бастамасының қаралып жатқанын мәлімдеді. 

"Мемлекеттік органдар қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын қарастыруда және жеке тұлғалар үшін бетперде кию режимін бұзғаны үшін айыппұлды 30-АЕК-тен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылады. Біз бұл жұмысқа белсенді қатысудамыз", - деп жазды Жүрсінов .

Жүрсіновтің ақпаратына сәйкес, айыппұл мөлшері 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін еді.

Жаңалықтар
0