Саясат

"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың жеті айында 912 адам сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес жөніндегі кеңесте президент басшыларды қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін қызметтен босату қағидаты енгізілгенін атап өтті. Дегенмен, қылмыс әлі де азаймай тұр.

"Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін ұсталып жатқанын оқитын болдық", - деді Тоқаев.

Президент ұсталған шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екенін ерекше атап өтті. Осының өзі – "өте қауіпті симптом".

Оқи отырыңыз: Павлодар облысының қамауда отырған экс-әкіміне қатысты тың дерек шықты 

"2020 жылы 7 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны 912 адамды құрады. Бұл өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда 11 процентке артық. Өткен жылы 820 адам болған", - деп атап өтті Тоқаев.

Жаңалықтар
0