Қоғам

Тоқаев қанша адам өте ауыр мемлекеттік қылмыс жасағанын мәлімдеді

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивное фото
Калькулятор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы бес жыл ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген 11, рейдерлік жасаған 7 адам сотталғанын атап өтті   

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураға бизнесмендерді заңсыз қудалауға жол бермеуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Айтуынша, бес жыл ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға қатысты қылмыстық істер бойынша 11, ал рейдерлік істер бойынша 7 тұлға сотталған.

"Бұл цифрлардан бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктері іске аспай жатқаны көрінеді. Мен былтыр өз Жолдауымда заңды бизнеске кедергі келтіру өте ауыр мемлекеттік қылмыс екенін айтқан едім. Міне, мұны барлық құқық қорғау органы, соның ішінде Бас прокуратура естен шығармауы тиіс", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы кеңесте.

Президент үкіметке бас прокуратурамен бірлесіп бір ай мерзімде барлық көтерілген мәселе бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізуді тапсырды.

"Қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты

Десе де, мемлекет басшысының айтуынша, оң үрдістер де жоқ емес. 510 бизнес жоба бойынша тек осы жылдың бірінші жартысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 114 фактісі анықталған. Тоқаев бұл жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

"Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тарту фактілерінің жолын тез арада кесіп отыруы тиіс. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жемқорлық қысымынан қуатты қорғанысты сезінуі керек", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0