Елорда тынысы

Тоқаев Көлгіновтің есебін тыңдап, бірқатар тапсырма берді

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда бір тәуліктегі жедел жәрдем шақыру 500-ден 11-ге дейін, инфекциялық стационарлардың жүктемесі 4 мыңнан 283 науқасқа дейін азайған

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Елорда басшысы күзде болуы ықтимал инфекциялардың таралуына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Көлгіновтің пандемиямен күрестің негізгі қорытындылары туралы есебін тыңдады. Әкімнің айтуынша, коронавирустық инфекцияға байланысты бір тәуліктегі жедел жәрдем шақыру 500-ден 11-ге дейін, инфекциялық стационарлардың жүктемесі 4 мыңнан 283 науқасқа дейін азайған.

Алтай Көлгіновтің мәліметінше, қала күзде болуы ықтимал инфекциялардың таралуына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек қоры жинақталып, қажет жағдайда стационарларда қосымша орындар жасақталады. 511 оттегі концентраторы қосымша сатып алынды, қазір жалпы 1435 аппарат бар.

Тағы оқыңыз: "Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты

Қазір өкпені жасанды тыныстандыратын 414 аппарат бар. Сондай-ақ, 600-ден астам флоуметр, 500 арнайы төсек-орын сатып алынды. Жедел жәрдем станциялары 24 жаңа көлікпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, кездесуде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары да сөз болды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар 34 500 компьютер, мектеп киімі және оқушының құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

Кездесу соңында Тоқаев қаланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, президент үлескерлік құрылыс, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестицияларды тарту, тұрғын үйлердің инфрақұрылымдарын жаңарту мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар
0