Қоғам

1-4 сынып оқушылары қалай оқитыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневОтметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции
Отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл ата-аналар баланы мектепке арнайы формамен немесе басқа да ыңғайлы киіммен жібере алады. Ал үйден оқитын балаларға мектептің компьютерлік техникасы уақытша пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектепке баратын оқушылардың сабақтарын ұйымдастыру туралы ақпаратты таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды", – делінген ресми хабарламада.

Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшеніп тұрады. Ал дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа шықпайды, ал оқушылар үйлеріне қайтарылады.

"Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады", – дейді министрлік мамандары.

Қашықтан оқытуда қандай платформа қолданылады?

Ата-аналардың өтінішін сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-форматта қабылдайды. Мектеп формасына қатысты талаптар өзгермеді. Бірақ биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жібере алады. Ал үйден оқитын балаларға мектептің компьютерлік техникасы уақытша пайдалануға беріледі.

"Әрбір өңір, білім беру ұйымы қашықтан оқытуды ұйымдастыратын интернет-платформаны өзі таңдайды. Қашықтан оқыту форматы аясында мұғалімдер мен оқушылар платформа арқылы стриминг жүйесін қолданатын болады", – дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда білім беру грантына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Қазіргі кезде мектеп директорлары жаңа оқу жылының алдында педагогикалық кеңес өткізуге кірісті. Сол кезде қашықтан оқытуға қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Санитарлық нормалардың мән-жайы да талқыланады.

Жаңалықтар
0