НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Ресейлік орындаушылар Zivert пен NILETTO Қайрат Нұртастың "Алматы түні" әнін ұрлап алды деген күдікке ілінді. Бірақ қазақ әншісі ешкіммен соттасқысы келмейтінін мәлімдеді.
Ресейлік блогер Сергей Пичугин Zivert пен NILETTO орындаған Fly 2 әнінің "Алматы түні" әнімен ұқсастығын байқаған.
"Бұл хит жаңа болмай шықты. Не айтуға болады? Меніңше, плагиаттың иісі аңқып тұр", - дейді Пичугин.
Қайрат Нұртастың өзі музыкада сәйкестік болып тұрады деп есептейді. Ол орындаушыларды сотқа бермейтінін айтқан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға әншінің өкілдері растады.
"Алматы түні" – Қайрат Нұртастың ең танымал әндерінің бірі. Түпнұсқа қазақ тілінде. Сондай-ақ, бұл әнді ресейлік әнші Нюшамен бірге орындаған.