Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Шара онлайн режимде өтеді. Трансляция Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube пен Facebook-тегі парақшасында. Есептік кездесу барысында қауырт желі телефоны - 8 701 701 0134 жұмыс істейді. Осы нөмірге WhatsApp арқылы сауалдарды жолдауға болады.
12.20 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша брифинг өткізеді. Трансляция "Хабар 24" телеарнасында жүргізіледі. БАҚ өкілдері сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алады. Анықтама телефоны: 8 701 701 0134.
12.30 – Қазақстан баспасөз клубы өткізетін онлайн баспасөз-мәслихаты. Шара мектептердің, мұғалімдер мен ата-аналардың жаңа оқу жылына дайындығына арналған. Баспасөз мәслихатына сілтеме арқылы өтіп қатыса аласыздар. Сұрақтарды 87017490200 WhatsApp нөміріне жолдауға, немесе фейсбуктегі видеоның астына жазуға болады.
Спикерлер: мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина, журналист, бизнес-сарапшы Ольга Аринбасарова.
19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.