Қоғам

Министр қазақстандықтардың балықты аз жейтінін айтып қапаланды

© Photo : Pixabay / Anna SulenckaЖареная рыба
Жареная рыба - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан жыл сайын 43,5 мың тонна балықты шет мемлекеттерден сатып алса, 30 мың тонна балықты экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар балықты аз тұтынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан балықты аз тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 миллион тоннадан асып түсуі мүмкін", – деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанның балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құраған. Оның құрылымы мынадай: балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мыңға тоннаға жуық, экспорт – 30 мың тонна, ал импорт – 43,5 мың тонна.

"Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар – майшабақ, скумбрия, мидия және тағы басқалар. Импорт Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық жағалауы елдеріне тиесілі. Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын таяу және алыс шетелдің 36 еліне шамамен 60 миллион АҚШ доллары сомасына 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды", – деді ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз: Мақтааралда балық аулауға тыйым салынды

Мырзағалиевтің айтуынша, қазір Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Балықтың басым бөлігі Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауланады.

Жаңалықтар
0