Оқиға

"Қазақфильмдегі" төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАрхивное фото уголовного дела
Архивное фото уголовного дела  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бұл жағдай Алматы қаласы әкімінің, Ішкі істер министрі мен мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 18 тамыз — Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясындағы өрттен келген шығын 49 миллион теңгеге жуық. Алайда бұл түпкілікті сома емес, шығынды есептеу әлі де жалғасып жатыр. Бұл жайында киностудияның Instagram парақшасында хабарланды.

Киностудия әкімшілігі жүргізген ішкі тергеу нәтижелері  өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарды. 

"Киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Өрт қойманың ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін "Қазақ хандығы" тарихи фильмі үшін жасалған "Шайбан шахтың ішкі ауласынан" да өрт шыққан. Ол алғашқы өрт ошағынан 300 метр қашықтықта орналасқан. Қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарады", - делінген "Қазақфильм" хабарламасында.

Бұған дейін кинокомпанияның басшысы Ақан Сатаев өрттің өздігінен шықпағанын болжаған еді, себебі өрт шыққан екі нысан бір-бірінен алыс орналасқан.

© Photo : сайт "Казахфильма""Қазақфильм" киностудиясындағы өрттен келген шығын 49 миллион теңге
Қазақфильмдегі төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан
"Қазақфильм" киностудиясындағы өрттен келген шығын 49 миллион теңге

Алматы қаласы ішкі істер департаменті "Қазақфильм" киностудиясындағы өрт шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өрттің шығу себебі тиісті сараптамалар нәтижесі бойынша белгілі болатынын хабарлады.

Бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімінің, Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауына алынды.

Айта кетейік, 14 тамызда Алматыда "Қазақфильм" киностудиясында кешкі уақытта өрт шықты.
Өрт екі нысанды шарпыды, бірі – ашық аумақтағы ағаш материалдар қоймасы, екіншісі – 600 шаршы метр алаңдағы фильмге арналған  екі қабатты ағаш декорация. Өрт түнде ауыздықталды.

 

Жаңалықтар
0