Қоғам

Алматыда түнде жарыс өткізгендер жазаланды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуДрифтующий автомобиль. архивное фото
Дрифтующий автомобиль. архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 1 тамыздан бері 405 мотоциклист пен 320 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Алматыда бірінші тамыздан бастап түнде жарыс ұйымдастыратын мотоцикл мен автокөлік жүргізушілеріне 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл жайында Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаланың бас полицейі қала тұрғындарынан осы мәселе бойынша жиі шағым түсетінін айтты.

"Әдетте, мотоцикл мен көліктердің дыбыс өшіргіштеріндегі немесе резонаторлардағы рұқсат етілмеген токты пайдаланады, бұл қозғалтқыштың дауысын ұлғайтады. Қала көшелерінде түнгі жарыс ұйымдастыратын мотоциклистер мен көлік жүргізушілерін анықтау бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Таймерденов.

Осылайша, бірінші тамыздан бері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 405 мотоциклист және 320 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 54 мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз: Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты

Рейд жүргізуге журналистер, блогерлер, азаматтық белсенділер және қоғам қайраткерлері қатысқан.

Жаңалықтар
0