Қоғам

Жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін – министрлік болжамы

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивное фото посетителей центра занятости
Архивное фото посетителей центра занятости - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министр Шапкенов елдегі ахуалға қарай жұмыссыздыққа қатысты болжам қайта қаралып отыратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Жыл соңына дейін Қазақстанда еңбекке қабілетті 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық 4,8%, ал екінші тоқсанда 5%-ті құрады.

"Біздің болжам бойынша, жыл соңына дейін жұмыссыздық деңгейі 6,1% болады. Бұл болжамға бірнеше фактор, соның ішінде коронавирус пандемиясы әсер етеді. Егер екінші толқын болса немесе карантин жалғасса, бұл еңбек нарығына теріс ықпал етеді", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов баспасөз мәслихатында.

Ол жыл соңына дейін жұмыссыздық деңгейі 6,1%-ке жетсе, еңбекке қабілетті азаматтар санатындағы 700 мың адам жұмыссыз қалатынын айтты.

Вице-министр елдегі ахуалға қарай жұмыссыздыққа қатысты болжам қайта қаралып отыратынын нақтылады.

Айтуынша, қазір ай сайын 60 мыңнан астам адам жұмыспен қамту органдарына жүгінеді.

Оқи отырыңыз: Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктерге жаңа міндет жүктелді

Бұған дейін үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыл басынан бері жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендердің  8 есеге артқанын мәлімдеген еді. Ал жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есеге өскен.

Жаңалықтар
0