Әлем

Американың әскери доктринасы нені көздейді

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуВоеннослужащие США. Архивное фото
Военнослужащие США. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жауынгерлік алаңды толық бақылауға алу, жаудың жоспарларын алдын-ала анықтау және оны жер маңындағы орбитадан шығару - өткен жылдың желтоқсан айында құрылған АҚШ ғарыш күштерінің қолбасшылығы алғашқы әскери доктринаны жариялады

64 парақта жаңа әскердің мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ, қарулы күштердің басқа түрлеріне қарағанда артықшылығы егжей-тегжейлі жазылған, деп хабарлайды РИА Новости. 

Биікке самғау

Басты негіздеме: әскери операцияларды жоспарлау мен жүргізу бойынша ғарыш АҚШ Қарулы Күштері үшін ерекше мүмкіндіктерге жол ашады. Құжат авторлары ежелден бері қолбасшылар ұрыс алдында биікті еңсеріп, стратегиялық артықшылыққа ие болуға ұмтылғанын еске салады. Яғни, бұл жаудың маневрлерін көріп, ұрыс алаңын еш кедергісіз бақылап отыру, күтпеген жерден шабуыл жасау мүмкіндігін болдырмауды меңзеп отыр. ХХІ ғасырдағы ең тиімді позиция - жер маңындағы орбита. Пентагонның пікірінше, орбитаны тек АҚШ ғарыштық күштері бақылауға алуы керек.

Беспилотный летательный аппарат Элерон - Sputnik Қазақстан
Ресейлік "Охотник" АҚШ-ты алаңдатып отыр
Ғарыштағы әскери операциялар қарулы күштердің басқа түрлерінің құзырет саласы ретінде емес, соғыс қимылдарының ерекше аясы бейнесінде қарастырылады. Орбитада "артықшылыққа жету" үшін агрессивті әрекет ету керек. Аталған доктринадағы мәтінге сүйенсек, ғарышта шабуыл жасау керек.

"Шабуыл операциялары қарсыластың ғарыштағы шабуылға қарсы қорғаныс жүйесіне және ғарыштағы мүмкіндіктерге, жау күштерінің тиімділігін және жойқындылығын төмендетуге бағытталған, - деп жазылған құжатта. – Ниеттес емес мемлекеттердің ғарыштағы миссияларын алдын ала бейтараптандыру бойынша артықшылық пен мүмкіндіктерге қол жеткізу қажет".

Мұнда сөз зымыран шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жайлы ғана сөз болып отырған жоқ. Сондай-ақ, америкалықтар қорғаныс операцияларына деген құқықты да өздеріне қалдырып отыр. Оның ауқымына "қарсыластың шабуыл құралдарын істен шығару және қауіп деңгейін төмендетуге арналған" белсенді операциялар да кіріп отырғанын ескеру керек.

Әскер санын арттыру

Ғарыштағы қарулы күштер Жер маңындағы орбитаның "қауіпсіздігіне", Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарының орбитаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қарсыластың өз ұстанымын өзгертуге мәжбүрлейтіндей сес көрсетуге жауапты болады. Жүк пен персоналды көпреттік кемелер жеткізіп отырады. Тактикалық, жіділ және стратегиялық деңгейдегі ақпараттарды жылдам жеткізу үшін қуатты ғарыш тобын құру қажет болады. Мұнда атмосфера сыртындағы барлау аппараттарына ерекше мән беріледі. Олар ғарыштағы америкалық әскери күштің негізін құрамақ.

Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей елшілігі АҚШ мемлекеттік департаменттің баяндамасына қатысты пікір білдірді
АҚШ әскері мен оның НАТО бойынша одақтастары спутниктерді белсенді қолданатыны жасырын емес. Дәл осы ғарышта әскер мен қаруды басқару, барлау, байланыс және навигацияның негізгі құралдары шоғырланған. Орбитада мыңға жуық батыстық әскери және қос мақсаттағы аппараттар кезекшілікте тұр.

Ресейлік ғарыш күштерінде техникалық құралдар мен мамандар баршылық. Олар батыс елдер спутниктерінің әрекеттерін бақылауды, су мен құрлықтағы қандай да бір нысанға назар аударуын барлауды, оның қандай да бір мекенде ұшу жиілігін тіркеуді жүзеге асырады.

Орбиталық топтың әрекеті әлеуетті қарсыластың ниеті жайлы көп мағлұмат береді. Негізінен, әуедегі шабуыл операциясының аясында ауқымды зымырандық-авиациялық соққы сәтін жоғары дәлдікпен болжап білуге болады.

Доктрина авторлары АҚШ қарсыластарының барлығын америкалық орбиталық топ туралы қандай да бір ақпарат алу мүмкіндігінен айыруды талап етуде. Ол үшін DARPA келешектегі қорғаныс әзірлемелері агенттігінде бірнеше жылдан бері Blackjack бағдарламасын жүзеге асырумен айналысып келеді. Бұл бағдарлама бір желіге бекітілген 200-ге дейінгі шағын көлемді спутниктерді төменгі орбитаға шығаруды қарастырады.

Бұл аппараттардың шағын көлемі ғарыш барлауы құралдарының көзіне түсуін қиындатады, ал санының көптігі оларды жоюды күрделендіреді деген уәж айтылған. Мұндай ғарыш тобы Пентагон жоспарына сәйкес 2022 жылдан бастап құрыла бастайды.

Ғарыштағы соғыс

Көптеген сарапшылар спутниктермен іс бітпейтінін айтуда. Жарияланған құжатта бұл жайлы тура айтылмаған. Бірақ, америкалықтардың ерте ме, кеш пе, жер маңындағы орбитаға соғыс қаруын орнататыны белгілі. Бұл жөнінде МХҚМИ Әскери-саяси зерттеулер орталығының директоры Алексей Подберезкин пікір білдірді.

"Сөз соққы жасайтын қарулар жайында болып отыр: кинетикалық, лазерлік, электр магниттік және тағы басқа, - дейді сарапшы. – Бұл кез келген қару болуы мүмкін. Елестетіп көріңізші, төбемізде бес-алты текше метр улы зат тиелген жүк бөлігі бар спутник ұшып бара жатыр. Ол белгілі бір уақытта ашылып, ішіндегінің барлығы басымызға құйылады. Бұл жай гипотезалық ой ғана. Мұндай нұсқа көп. Егер, спутниктерге қару-жарақ жеткізілсе, онда оқ-дәрінің нысанаға жеткенге дейінгі уақыты күрт қысқаратынын ескеру керек. Қазір қорғаныс саласындағы барлық жүйе зымыранның ұшу уақытын дер кезінде тіркеп, оны ұшу үдеген учаскеде жоюға негізделіп отыр. Ал, егер, ол спутник біздің төбемізде ұшып жүрсе, онда ұшу қысқа траектория бойынша орындалады. Бұл Ресей қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер".

Подберезкин Ресейде спутниктегі шабуылға қарсы жүйелер әзірленіп жатқанын айтты. Алайда, сарапшы осы жолы ғарышқа орын ауыстырған құны қымбат қару-жарақ жарысы тағы туындағалы отырғанын жасырмады.

Жаңалықтар
0