Оқиға

Жол апаты салдарынан кроссовер аударылып қалды

© Sputnik / СтрингерДТП с перевертышем на улице Садыкова
ДТП с перевертышем на улице Садыкова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Toyota көлігінің жүргізушісі жолға қандай да бір сұйықтық төгілгенін айтады, өйткені көліктен шығып жатқанда аяғы тайып кеткен

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Алматыда Садықов көшесінде жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Honda CR-V Садықов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші көлік тұрағына бұрылу үшін тоқтаған. Осы кезде оның соңынан келе жатқан Toyota RAV4 жүргізушісі шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болады. Көлік сырғанап барып, Honda-ны соғады, содан кейін жолдың қарсы бетіне шығып, аударылып кеткен.

© Sputnik / СтрингерСадықов көшесінде жол апаты болды
Жол апаты салдарынан кроссовер аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Садықов көшесінде жол апаты болды

Toyota көлігінің жүргізушісі жолға қандай да бір сұйықтық төгілгенін айтады, өйткені көліктен шығып жатқанда аяғы тайып кеткен.

© Sputnik / СтрингерСадықов көшесінде жол апаты болды
Жол апаты салдарынан кроссовер аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Садықов көшесінде жол апаты болды

Жол апатынан Honda CR-V көлігінің жүргізушісі жарақат алды, ол дәрігерлер қарап шыққаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты.   

Жаңалықтар
0