Қоғам

"42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба?": шенеунік сауалға сауалмен жауап берді

© Photo : primeminister.kzВице-министр труда Серик Шапкенов
Вице-министр труда Серик Шапкенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек министрлігі көмекке мұқтаж қазақстандықтарға 42 500 теңгені тек карантин кезінде емес, тұрақты түрде төлеп тұру мәселесін қарастырмақ

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов 42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада өткен онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі еңбек вице-министрінен бір айда 42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба деп сұрады. Журналистің айтуынша, бұл ақша өте аз, адамдарға отбасын асырауға мүлде жетпейді.

Шапкенов журналистің сауалына мардымды жауап бере алмады.

"Сіз 42 500 теңгеге өмір сүре аламын ба, жоқ па соны сұрап тұрсыз ғой. Бірақ мен әр жағдайда еңбекақыны жұмыс беруші бекітеді деп ойлаймын. Егер ол маманға сұраныс жоғары болса, жұмыс беруші неге оған 42 500 теңге төлеуі керек?", - деп жауап берді вице-министр.

Ол қазір еңбек нарығында жұмыс күші, керісінше, тапшы екенін атап өтті. Айтуынша, еңбек министрлігі қарамағындағы қызметкерлерінің жалақысын азайтын, 42 500 теңге төлейтін жұмыс берушілерді бақылап, анықтап отырады.

Оқи отырыңыз: Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме? 

Сонымен қатар, министрлік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға 42 500 теңгені тек карантин кезінде емес, тұрақты түрде төлеп тұру мәселесін қарастырмақ.

42 500 теңгені тұрақты түрде төлеу бастамасын бұған дейін мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев көтерген еді.

Жаңалықтар
0