Оқиға

Екі мың теңге үшін өлтірді: Ақтөбеде сұмдық оқиға ізі суымай ашылды

© AP Photo / Rick BowmerМужчина в наручниках, архивное фото
Мужчина в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде 57 жастағы ер адам күдікті ретінде тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер кісі қолынан қаза тапты. Полиция дерегіне сүйенсек, күдікті оны екі мың теңге үшін өлтірген, деп хабарлады өңірлік "Мой город" басылымы.

Іс материалдарына сәйкес, 12 тамызда жедел басқару орталығына марқұмның көршілері хабарласып, түнде 83 жастағы зейнеткердің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы егде жастағы әйелдің "механикалық асфиксия түрінде" зорлықпен өлтірілгенін анықтады.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары аясында полиция ауланы аралап, көршілерімен сөйлескен. Тергеу барысында полиция іске күдікті 57 жастағы ақтөбелікті анықтады. Ол өзінің жасаған әрекетін мойындады.

"11 тамызда күдікті жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне кіріп, оны тонауға тырысқан. Үйдегі шудан оянған қарияны күдікті ұрып-соғып, тұншықтырған. Алайда, зейнеткердің үйінен 1-2 мың теңгеден басқа құнды ештеңе таппады", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 65 жастағы қария ауыр қылмысы үшін 20 жылға сотталды

Жаңалықтар
0