Қоғам

"Түгел науқас жазылып шықты": денсаулық министрлігі қуанышты жаңалықты бөлісті

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі кейбір өңірде түгел науқас жазылып шыққанын хабарлады. Бос тұрған ауруханалар бар екен

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Кейбір өңірде барлық науқас жазылып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет.

Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, коронавирустық инфекцияның таралуы күннен-күнге төмендеп келеді. Соның нәтижесінде медициналық мекемелердің жүктемесі азайып жатыр.

"Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша, елімізде провизорлық емдеу орындары мен стационарларда 57 798 төсек-орын болды. Ол кезде жүктеме 57 процентке жеткен. Қазір ауруханаларда жатын орындар саны - 37 мың, жүктеме 29 процентке дейін азайған", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде түгел науқас жазылып шыққан. Ал ауруханалар бос тұр.

"Мәселен, Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы инфекциялық бөлім қазір бос тұр, яғни, аталған ауданда коронавируспен ауыратын науқастар жоқ", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Жаңалықтар
0