Өңірлер

Түркістанда бір топ адам көшеге шықты – әкімдік полицияның әрекетін түсіндірді

© SputnikПолиция Казахстана. Архивное фото
Полиция Казахстана. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде жарияланған видеодан бір топ адамды он шақты полиция қызметкері жолдан өткізбей жатқанын көруге болады

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Түркістан қаласында бір топ адамның көшеге шыққаны түсірілген видео тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындардың әлеуметтік мәселені көтеріп, әкімдік маңына жиналғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәлем Түркістан! (@salem.turkistan)

Ресми ақпаратқа сәйкес, бір топ қала тұрғыны әкімдік маңына жиналды. Олар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мектеп формасы және тұрғын үй кезегімен пәтер алу мәселесіне шағымданды. Түркістан қаласы әкімі тұрғындарды жеке қабылдап жатыр.

Желіде жарияланған видеодан бір топ адамды он шақты полиция қызметкері жолдан өткізбей жатқанын көруге болады.

"Жол қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтау мақсатында тәртіп сақшылары өз міндетін атқарды. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғандықтан жасыл түске өтуді сұрады", - деп түсіндірді Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Сонымен қатар әкімдік қалада жалпы саны 1452 пәтер салынып жатқанын, мердігер компания 540 коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға бергенін хабарлады.

"Мердігерлерден пәтерді қабылдау кезінде бірнеше ақау табылып, оны реттеу қажеттілігі туындады. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кемшіліктер осы айдың ішінде жөнделіп, қыркүйек айында пәтерлер табысталады", - деп хабарлады ведомство.

"Күштеп алып кеткен": 2 күн министрліктің алдында түнеген аналарды таратып жіберді

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде көпбалалы отбасылар, I, II топтағы мүгедектер, жалғызбасты аналар, мүгедек азаматтарды асырап отырғандар, жетім балалар, үйі апатты деп табылған азаматтар, бюджет қызметкерлері бар. Баспана заң аясында кезек бойынша бөлінеді, деп толықтырды әкімдік.

Жиналғандардың көтерген тағы бір мәселесі – атаулы әлеуметтік көмек алу. Ресми ақпаратқа сәйкес, қалада атаулы әлеуметтік көмек 1309 отбасыға тағайындалған.

"Атаулы әлеуметтік көмек 854 отбасыға шартты, 455 отбасыға шартсыз тағайындалып отыр. Бұған дейін шілдеде 223 отбасыға шартсыз төлем жасалды. Шілде айының төлемін 1 086 отбасыға аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін-ертең толығымен алады", - делінген әкімдік ақпаратында.

Жаңалықтар
0