Саясат

Президент Аида Балаеваны қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпарат министрі Тоқаевқа отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайында баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.  

Қазақстан президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді.

Оқи отырыңыз: Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді 

Кездесуде ақпараттық саясат және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда Аида Балаева отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жайында баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша президент министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Жаңалықтар
0