Өңірлер

Қостанайда 65 жастағы қария ауыр қылмысы үшін 20 жылға сотталды

© PhotoСуд, правосудие
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот айыпталушының жасына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмады

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында 65 жастағы қарияға жас баланы өлтіргені үшін сот үкімі шықты. Ол баланы ұрып, содан кейін 40 литрлік ыдыстағы суда тұншықтырған.

Осы әрекеті үшін сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

"Октябрьское ауылының тұрғыны Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 99-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ("кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру") сот үкімі шығарылды", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде бірге тұратын әйелдің төрт жасар немересіне ауыр дене жарақатын салып, содан кейін баланы қырық литрлік ыдыстағы суға батырып өлтірген.

65 жастағы қарияның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот жарыссөзінде прокурор айыпталушыны 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Оқи отырыңыз: Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

Қылмыстық кодекстің 99-бап, үшінші бөлігі бойынша айыпталушы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануды көздейді. Алайда, бұл шара 63 жастан асқан адамдарға тағайындалмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0