Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімі студенттер мен магистранттарға грант бөлді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСтудентка в библиотеке
Студентка в библиотеке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда бюджеті есебінен астанада сұранысқа ие мамандықтар бойынша 793 студент білім алатын болады

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 2020-2024 жылдарға 793 грант бөлді. 

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдан бастап әкімдік қалада ерекше сұранысқа ие мамандықтарға жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бере бастады.

Ол үшін қала әкімінің төрағалығымен тәуелсіз комиссия құрылып, құрамына қалалық басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 2020-2024 жылдарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 793 грант бөлді. Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша, мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы жасалатын жоғары оқу орындарының тізімі анықталды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкім грантының шарттары

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және жоғарыоқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы жоғары білім алу үшін 10-20 тамыз аралығында және жоғарыоқу орнынан кейінгі білім алу үшін 24 тамыз - 2 қыркүйек аралығында құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
  • ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  • 086-У медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттың біреуін тапсырады:

  • еңбек кітапшасы;
  • ұйымның мөрімен (егер барболса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім(қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • қызметкердің еңбек қызметітуралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
  • бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер; 
  • жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
  • жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
  • жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

"Білім грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және жоғары және жоғарыоқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкескелген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады", - деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.

Нұр-Сұлтан әкімдігі есебінен оқуға түсуге болатын университеттердің тізімін мына жерден білуге болады.

15 тамызда білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. 2020 жылы мемлекеттік білім грантын алуға 80 мыңнан астам талапкер үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медициналық мамандықтар үшін 2700 грант) қазақстандық бакалавриат бойынша мемлекет есебінен жоғары білім алуға мүмкіндік алды.

 

Жаңалықтар
0