Қоғам

Коронавирус туралы ән жазған Марат Омаров АҚШ-тан арнайы шақырту алды

© Photo : официальный аккаунт Марата Омарова в соцсетяхМарат Омаров
Марат Омаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Омаровтың "Коронавирус, кет-кет-кет" әні індет басталған кезде әлеуметтік желілерде кең таралып кеткен болатын

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров АҚШ-та өтетін қайырымдылық шарасына  шақырту алды. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстандық композиторды бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясы шақырды.

"Бұл – әннің құдіреті. Менің "Коронавирус, кет-кет-кет" деген әнім хит болып кетті. Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі болғандықтан, өткен жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. Наурызда Майамиде концерт беретін болдық, бірақ коронавирусқа байланысты АҚШ президенті шараны кейінге қалдырды" – дейді композитор Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айтуынша, композиторлар ассоциациясы бұл қайырымдылық шараның міндетті түрде өтетінін айтқан.

"Дональд Трамп пандемия біткен соң қайырымдылық шарасын ұйымдастырғалы отыр. Маған бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясынан 2-3 күн бұрын хабарласты. Сол концертке қатысатындар тізіміне мені қосыпты. Дәл қазір қашан баратынымыз белгісіз", ­­­- дейді Марат Омаров.

Композитордың айтуынша, іс-шара коронавирус тақырыбына арналады.

Оқи отырыңыз: "Құпия болған емес": Марат Омаров некесіз туған немересіне қатысты ойын айтты

Айта кетейік, композитор қазір "Аман бол, халқым-ай" деп аталатын жаңа ән дайындап жатыр. Бұл ән де коронавируспен күресіп жатқан қазақстандықтарға арналады.

Ал Омаровтың "Коронавирус, кет-кет-кет" әні індет басталған кезде әлеуметтік желілерде кең таралып кеткен болатын.

Жаңалықтар
0