Қоғам

Министрлік Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың жағдайы туралы айтты

© Photo : pixabay.comРебенок с температурой, иллюстративное фото
Ребенок с температурой, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Кавасаки синдромына ұқсас дертке шалдыққан 11 бала тіркелген, олардың үшеуі жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет Кавасаки синдромына шалдыққан балалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде әлемнің көптеген елінде коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балаларда 14 күн мен бір ай арасында Кавасаки синдромына ұқсас көп жүйелі қабыну тіркеліп жатыр. Мен өткен аптада Қазақстанда осындай үш бала тіркелгені жайында айтқан болатынмын. Ал қазіргі уақытта Кавасаки синдромы мен осы синдромға ұқсас 11 бала тіркелген", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бұл індет көп жағдайда 5 жасқа толмаған балаларда кездеседі. Ал Кавасаки синдромына ұсқас ауруға шалдыққан балалардың басым бөлігі бес жастан асқан.

"11 бала тіркелді дедік қой. Солардың үшеуі Нұр-Сұлтанда аман-есен жазылып шықты, тағы екі бала Ақтөбеде, Қарағандыда және Алматыда. Олардың екеуі 1-5 жас аралығында, қалған 9 бала 5-17 жас аралығында, яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Соған ұқсас ауру деп есептеледі", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Бұған дейін осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылғаны хабарланған еді. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады.

Жаңалықтар
0