НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз - Sputnik. Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.
Айсұлтанның анасы - Дариға Назарбаеваның мәлімдемесі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз", - деп жазды Назарбаева.
Сенбіден жексенбіге қараған түні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев көз жұмды.
Елбасы жиенінің қайтыс болу себебі әлі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған.
Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев туралы не білгілі