Аңдатпа

Қазақстанда 17 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВечерняя столица
Вечерняя столица - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - экологиялық білім беру тақырыбында тікелей эфирде пікірталас өтеді. Іс-шараға Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев; ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева; білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ білім беру және экология саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. 

15.00 - Орталық коммуникациялар қызметінде карантинді алу кезіндегі алдын алу шараларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. Онлайн-трансляция ОКҚ Facebook-тегі ресми парақшасы мен Youtube каналында жасалады.

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0