НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Сенбіден жексенбіге қараған түні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Елбасы жиенінің қайтыс болу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған. Айсұлтан Назарбаев 30 жаста еді.
Айсұлтан Назарбаев туралы не белгілі
Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.
1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысты. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.
2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.
2019 жылдың сәуір айында Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында аты-жөнін Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын "ажырасқан" деп өзгерткен.
Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені 2019 жылдың 5 ақпанында ажырасқан.
Англиядағы клиника
Англияда есірткіге тәуелділерге арналған клиникада ем қабылдады. Бұдан соң Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше жазба жариялады. Олар Қазақстанда қоғамдық резонанс тудырды.
Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы деректер