НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте тағы 409 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 409 жағдай тіркелді. Оның ішінде ауру белгілерімен - 196, ауру белгілері жоқ - 213.
Ал 842 адам дерттен жазылып шыққан, барлығы 81 558 адам COVID-19-дан сауықты.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 102 696 адамға жетті:
- Алматы қаласында - 13826 (+32),
- Нұр-Сұлтан қаласында -13544 (+63),
- Атырау облысында -10707 (+17),
- Қарағанды облысында - 9751 (+37),
- Шығыс Қазақстан облысында - 7767 (+60),
- Батыс Қазақстан облысында - 6537 (+29),
- Шымкент қаласында - 5146 (+3),
- Алматы облысында - 4818 (+19),
- Жамбыл облысында - 3989 (+12),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3725 (+26),
- Павлодар облысында - 3663 (+18),
- Маңғыстау облысында - 3249 (+14),
- Қостанай облысында - 3241 (+21),
- Қызылорда облысында -3212 (+0),
- Ақмола облысында - 3212 (+26),
- Ақтөбе облысында - 3165 (+8),
- Түркістан облысында - 3144 (+24).