НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.
Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.
2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.
Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.
2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына жерден тікелей жүктеуге болады.