https://sputnik.kz/20200814/Atyrau-tu-tugyr-14707390.html
Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды
Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды
Sputnik Қазақстан
Облыстық прокуратура құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім бергенін анықтады 14.08.2020, Sputnik Қазақстан
2020-08-14T10:50+0500
2020-08-14T10:50+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/1042/96/10429642_0:208:2048:1366_1920x0_80_0_0_eb1dd500f5cc6dbc2c91ffe58171f105.jpg
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1042/96/10429642_0:78:2048:1366_1920x0_80_0_0_dbacc4da4c0efe577ddffdcecb84fece.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды
10:50 14.08.2020 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Облыстық прокуратура құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім бергенін анықтады
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Атырауда өткен жылы қатты желден құлаған ту ілетін тұғырға сметада көрсетілген сомадан үш есе аз ақша жұмсалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті хабарлады.
"Жобалық-сметалық құжаттама талаптарына қарамастан, мердігер авторлық бақылаушының келісімінсіз ту орнатқаны анықталды. Оның құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден үш есе аз. Облыстың құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.
Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Енді аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Ал қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз қаражатына жүргізеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас туы қалай көтеріледі – егемендік рәмізінің құпиясы
Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанның соңында Атыраудағы Республика алаңында тұрғызылып жатқан биіктігі 91 метрлік құрылым қатты желге шыдас бермей құлаған болатын.